Teniz Capital Investment Banking инвестициялық компаниясы Teniz Сapital Asset Management Ltd. компаниясының ашылғаны туралы хабарлайды. Бұл Астана Халықаралық Қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген екінші «әпкелік» компания.
Бұрын Teniz Capital Brokerage Ltd. тіркелді.
Компания ұжымдық инвестиция қорларын басқаруға назар аударады. Teniz Capital Asset Management Ltd. қоғамдық үлестік/борыштық құралдарға инвестиция салатын қорлардан басқа тікелей инвестиция қорларын (private equity, venture capital) және жылжымайтын мүлік инвестициялық қорларын (Real Estate Investment Trust) құруды жоспарлап отыр.
Қазақстандық нарықта «Teniz Capital Investment Banking» АҚ активтерді басқарушыларға, хедж-қорларға, банктерге, брокерлік және сақтандыру компанияларына, қайырымдылық ұйымдары мен корпорацияларға инвестициялық шешімдер ұсына отырып, өзін институционалдық және жеке клиенттер үшін серіктес ретінде көрсетті.
Компания Қазақстан қор биржасының (KASE) және Astana International Exchange (AIX) мүшесі болып табылады, Қазақстанның барлық негізгі биржалық алаңдарында сауда-саттыққа белсенді қатысады және биржалық белсенділік көрсеткіштері бойынша жетекші орындарға ие.