«Teniz Capital Investment Banking» АҚ Teniz Capital Brokerage Ltd. «еншілес» компаниясының ашылуы туралы хабарлайды. Жаңа компания Халықаралық Астана Қаржы Орталығында (ХАҚО) тіркеуден өтті және түрлі әлемдік биржалардағы брокерлік қызметтерге қолжетімділік ұсына отырып, жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге бейімделуге ниетті. Институционалды клиенттермен жұмыс істеу және андеррайтинг жеке тұлғалар үшін «Teniz Capital Investment Banking» АҚ-ның басымдығы болып қалады.
Қазақстандық нарықта «Teniz Capital Investment Banking» АҚ институционалды клиенттермен де (активтерді басқарушылармен, хедж-қорлармен, банктермен, брокерлік және сақтандыру компанияларымен, қайырымдылық қорларымен және корпорацияларымен), сонымен қатар жеке тұлғалармен де жұмыс істейді. Компания Қазақстандық қор биржасының (KASE) және Astana International Exchange (АIX) мүшесі болып табылады, барлық сауда алаңшаларына қолжетімділігі бар және биржалардың белсенділігі рейтингінде жетекші позицияларға ие.
Teniz Capital Brokerage Ltd. АҚШ пен Еуропаның негізгі халықаралық алаңшаларында клиенттерге еурооблигациялар мен акциялар нарығына қолжетімділік, сондай-ақ ислам банкингінің құралдарын ұсынатын болады.
ХАҚО салық және құқықтық режимі біздің клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ шетелдік клиенттерді тарту үшін перспективалар ашады.