Барлық жаңалықтар

Талгат Салихов «Teniz Capital Investment Banking» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды


01.09.2026 09:00

«Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесі Талғат Мақсұтұлы Салиховты 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Банктің Басқарма төрағасы қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады. Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Талгат Салихов «Teniz Capital Investment Banking» АҚ-ның тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Стратегия, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет төрағасы болып жұмыс істеді.

Талғат Салиховтың инвестициялық банкинг, корпоративтік қаржы, тікелей инвестициялар және инвестициялық активтерді басқару салаларында 12 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Кәсіби еңбек жолын PwC компаниясында бастап, Қазақстан мен Ресейдегі корпоративтік қаржы жобаларына қатысты. University of Nottingham университетін «Азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен және Imperial College London университетін «Көлік және бизнес-менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен тәмамдаған. Қазіргі уақытта Азиялық Несие Қорының Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесі қызметін атқарады.

2026 жылғы 01 қыркүйектен бастап, «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Басқармасы төрт мүшені қамтиды:

1. Салихов Талгат Максутович – Басқарма төрағасы;

2. Касенова Айгуль Оразалиевна – Басқарма мүшесі;

3. Даулет Ерасыл Алтынбайулы – Басқарма мүшесі;

4. Оразбаева Дана Мухамбетаблаевна – Басқарма мүшесі.

Талгат Салихов Басқарма төрағасы лауазымын атқарған Анзор Боташевты ауыстырды, ол бұл лауазымда 2025 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеген болатын.


Ұсынылған жаңалықтар

26.06.2026 10:00
Шығыс екпіні бар арзан ақша
18.06.2024 15:46
Қазақтелекомның активтерді сатудан кейінгі болашағы – Teniz Capital Investment Banking пікірі
30.06.2026 15:00
Teniz Capital-мен бірге қаржылық сауаттылық
Сайт бойынша іздеу

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ нарықтық конъюктураның құбылмалылығын назарға ала отырып, инвестициялардың орындылығы мен тәуекелдерін мұқият бағалауды ұсынады. Бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына иелік ету ауытқулармен байланысты: олардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Компания инвестициялардың кірістілігіне және тұрақты кіріс деңгейіне кепілдік бере алмайды.

ҚНРДА 18.05.2023 ж. берген №3.2.249/19 лицензия. ҚНРДА 16.06.2023 ж. берген №4.3.19 лицензия.