Teniz Capital Investment Banking клиенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама инвестициялауға неғұрлым саналы көзқарас қалыптастыруға және қаржы нарығындағы тәуекелдерді түсінуге бағытталған.
Бағдарлама инвестициялаудың негізгі қағидаттарын, қаржы құралдарының ерекшеліктері мен оларға тән тәуекелдерді қамтиды. Сондай-ақ ол инвесторларға әртараптандыру қағидаттарын тереңірек түсінуге және өздерінің мақсаттарын, инвестициялау мерзімін әрі тәуекелге төзімділік деңгейін ескере отырып, инвестициялық шешімдерді дербес бағалауға көмектеседі.
_________________________________________________________________________________________
Инвестициялық нарықтың өзекті аналитикасы — Teniz Capital Investment Banking
Осы материал инвестициялық ұсыным болып табылмайды. Инвестициялық портфельдің басым бөлігі тіркелген кірістілігі бар борыштық қаржы құралдарына орналастырылуы тиіс. Дегенмен клиенттердің акцияларға деген қызығушылығын ескере отырып, біз бағалы қағаздарды сатып алуға қатысты ұсыным бермей, тек ақпараттық-талдамалық шолуларды ұсынамыз.