Барлық жаңалықтар

Teniz Capital Brokerage Ltd Tabys мобильді қосымшасының серіктесі атанды


27.03.2025 11:00

2020 жылы Astana International Exchange қаржылық сауаттылықты ілгерілету жөніндегі әлеуметтік жоба ретінде әзірлеп, іске қосқан Tabys инвестицияларға арналған мобильді қосымшасы жаңа белесті бағындырмақ.  Сервис пайдаланушыларының инвестициялық өнімдердің үлкен спектріне қол жеткізуін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жақсарту үшін Teniz Capital Brokerage Ltd брокерлік компаниясы жеке серіктес ретінде тартылды.

Tabys қосымшасы іске қосылған сәттен бастап инвестициялауды енді бастаған қазақстандық инвесторларға биржалық ноталарды (ETN) қоса алғанда, инвестициялық өнімдерге, ұлттық компаниялардың IPO және SPO-ларына қатысуға және кейбір жеке компаниялардың облигациялық шығарылымдарына қол жеткізуге мүмкіндік беріп келеді.

АХҚО-да тіркелген лицензияланған кәсіби брокермен серіктестіктің арқасында қолжетімді құралдар спектрі кеңейеді. Ол AIX-те листингтен өткен акциялар мен облигацияларды, халықаралық нарықтарға қолжетімділікті және басқа да қаржы құралдарын қамтитын болады. Бұл пайдаланушыларға өздерінің әртараптандырылған инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, және де капитал нарықтары мен бағалы қағаздар жөніндегі кәсіби аналитикаға (бұл да Tabys-қа қосылатын болады) қолжетімділік қор нарығында тиімдірек инвестициялауға мүмкіндік береді.

Жобаны «Астана» халықаралық қаржы орталығы бақылайтынын, ал клиенттердің шоттары бұрынғыдай AIX Бағалы қағаздар орталық депозитарийінде (AIX CSD) болатынын айта кету керек. АХҚО әкімшілігінің Басқарма төрағасы Ернар Жанәділ Tabys Ltd. компаниясының директорлар кеңесінің құрамына кіреді. Мәміле туралы тиісті хабарламалар және барлық қажетті құжаттама АХҚО Қаржылық қызметтері көрсетуді реттеу жөніндегі комитетке жіберілді.

Tabys-тың қазіргі пайдаланушыларына тіркеу/қайта тіркелу бойынша қосымша рәсімдерден өтудің қажеті жоқ, ал қолданбаның өзі бұрынғы режимде жұмысын жалғастырады, бұл ретте инвестициялық құралдар жиынтығы біртіндеп кеңейіп отырады. Tabys клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды тоқтатпайды.

Tabys Ltd. CEO Жарас Мұсабеков«Бұл серіктестік қазақстандық инвесторлардың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, Tabys дамуының жаңа кезеңін айшықтайды. Енді инвесторлар үйреншікті экожүйеде қалып, одан да көп құралдарға қаражат сала алады. Бұл сонымен қатар білімді практикалық қолдануға және әртараптандырылған инвестициялық портфельдерді құруға ықпал ету арқылы білім беру аспектісін күшейтеді», – деп өз ойымен бөлісті.

Teniz Capital Brokerage Ltd басқарушы директоры Ерлан Солтанов: «Tabys-пен ынтымақтастық инвестицияларды қолжетімдірек етеді. Енді қосымша пайдаланушылары әлемдік биржаларға ыңғайлы қолжетімділік алады, акциялардың, облигациялардың және биржалық қорлардың анағұрлым кең спектрінен таңдай алады. Ал қолдау қызметі әрбір инвестициялау сатысында жедел көмекпен қамтамасыз етеді». 

Tabys қосымшасын пайдаланатын клиенттер АХҚО-ның реттеу жүйесінің барлық артықшылықтарын пайдалануды жалғастыра береді. Қолданбаның қызметі барлық операциялар мен есептердің ашықтығына, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі халықаралық талаптардың сақталуына кепілдік беріп, инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете отырып, АХҚО нормаларына одан әрі де толық сәйкес келетін болады.

Teniz Capital Brokerage Ltd – Teniz Capital Investment Banking инвестициялық банк құрамына кіретін және «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген брокерлік компания. Ол ірі әлемдік биржаларда брокерлік қызметтерге қолжетімділік ұсына отырып, жеке тұлғалармен жұмыс істеуге бағдарланған. 


Ұсынылған жаңалықтар

17.03.2025 12:04
Еуропа өз бағытын өзгертуде: Қазыналық жеңілдік жасау дәуіріндегі инвестициялар
18.06.2024 15:46
Қазақтелекомның активтерді сатудан кейінгі болашағы – Teniz Capital Investment Banking пікірі
17.03.2025 17:59
Айдар Арифханов «Тeniz Capital Investment Banking> АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Сайт бойынша іздеу

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ нарықтық конъюктураның құбылмалылығын назарға ала отырып, инвестициялардың орындылығы мен тәуекелдерін мұқият бағалауды ұсынады. Бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына иелік ету ауытқулармен байланысты: олардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Компания инвестициялардың кірістілігіне және тұрақты кіріс деңгейіне кепілдік бере алмайды.

ҚНРДА 18.05.2023 ж. берген №3.2.249/19 лицензия. ҚНРДА 16.06.2023 ж. берген №4.3.19 лицензия.