Борышқорлық қаржыландыру

Борышқорлық қаржыландыруды ұйымдастыру аясында облигацияларды және басқа қарыздарды тарту қызметін ұсынуға қуаныштымыз. Кең инвесторлық қор, кәсіпқойлық пен ұқсас мәмілелерді жасау тәжірибесі белгіленген тапсырмаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді және қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеседі. Оған қоса, біз Сіздің компанияңыздың қаржы міндеттемелерін басқаруда көмек көрсетеміз.
 
RESMI мамандары ұйымдастырған облигациялық қарыздардың артықшылығы:
 
1. Икемді шарттары: эмитент қарыз көлемін, өтеу мерзімін, купон өлшемін және оның төлем тәртібін өзі орнатады.
2. Облигацияны алдағы уақытта сату және/немесе мерзімінен бұрын өтеу арқылы кері өтеуін төлеп алу операциясы көмегімен қарыз көлемі мен құнын басқару.
3. Кепілсіз едәуір қаржыландыру көлемін тарту.
4. Тәуелсіздік: қаржы нарығындағы инвесторлардың көп санының арқасында бөлек қарыз берушінің әсері толығымен жойылған.
 
Біздің сарапшыларымыз:
 
1. сіздің компанияңыздың қызметіне талдау жасайды және талдау негізінде құнды қағаздарды шығарудың оптималды параметрлерін таңдайды;
2. құнды қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды дайындайды;
3. құнды қағаздарды шығаруды тіркеу және оларды қор биржасының сауда алаңында тізімдеу процесінде биржамен, сондай-ақ, өкілетті органмен қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
4. эмитент пен құнды қағаздар рейтингін алу кезінде қолдау көрсету;
5. ықтимал инвесторлар үшін презентациялар мен инвестициялық (ақпараттық) меморандумға қоса, толық құжаттар бумасын дайындайды, сондай-ақ, ықтимал инвесторлармен келіссөздерді жүргізуді өз мойнына алады;
6. құнды қағаздарды орналастыру бойынша маркетингтік және PR іс-шараларын жүргізеді;
7. қор сауда алаңында құнды қағаздарға бағаны белгілеу және олардың өтімділігін қолдау бойынша маркет-мейкер қызметтерін көрсету;
8. қайталама нарықта құнды қағаздарды пайдаланумен байланысты барлық сұрақтар бойынша сапалы заңды қолдау көрсетуді ұйымдастырады және есептерді Биржа мен реттеушіге береді.