Компания туралы

Жалпы ақпарат Табыс тарихы Басшылық Қаржы есебі Сәйкестікті бақылау Құжаттар

Жалпы ақпарат

«Teniz Capital Investment Banking» акционерлік қоғамы әрбір инвестор үшін жеке тәсілмен ең жақсы қаржы шешімдерін беру мақсатында 1997 жылы негізін қалаған. «Teniz Capital Investment Banking» инновациялық менеджмент, сенімді басқарудың тиімді жүйелері, белсенді трейдингтік операциялар мен инвестициялық банкинг есебінен биржалық нарықтағы жетекшілер санына кіреді. Біздің жас, кәсіби, инновацияға дайын тобымыз ең жоғары нәтижелілікке және компанияның бәсекелесу қабілетіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін, компанияда дұрыс құндылықтың пішімделуін қамтамасыз етеді. «Teniz Capital Investment Banking» бренді – қалыптасқан оңтайлы тарих пен сәтті кәсіби беделге ие тәуелсіз банктік емес қаржы үйі. 

Сервистік құрастыруға жүйелі инвестициялау компанияның клиентке бағдарланған саясатын жетілдіруге, сондай-ақ, қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. «TENIZ on-line Broker» өнімі шеңберінде «STrade» трейдингтік on-line платформасы құрылған және сәтті жұмыс істейді. Ең алдымен Клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған ішкі процестерді жетілдіру бойынша күрделі жұмыстар жүргізіледі. Қос ішкі басқару жүйесі ендірілген, тәуекел менеджмент саясаты оңтайландырылған, аналитикалық блок күшейтілген. 

2011 жылғы қазан айының ортасында экономикалық пайдалы бағыттарға басты назар аударуға мүмкіндік беретін, пайдасыз жобалардан уақытылы шығуға бағытталған түрлендірмелі үлгіге біріктірілді. 



«Teniz Capital Investment Banking» бүгін — қаржы қызметтерінің кең ауқымы, әртараптандырылған және талап етілген өнім тізімі, теңдестірілген портфель, білікті кадрлар, жеке аналитикалық қызмет пен инновациялық менеджмент. Компания белсенді трейдингтік операциялар мен Wealth Management принциптерін қолданатын инвестициялық банкинг есебінен биржалық нарық жетекшілерінің санына кіреді. «Teniz Capital Investment Banking» компаниясы қаржы мәселелеріндегі беделді сарапшы мәртебесіне ие болды. 

Біз жиі сыйлы лауазымдарға ие болып тұрамыз, сондай-ақ, әртүрлі рейтингтерде жетекші позицияларына шығамыз. Компания «Лучший Инвестиционный Дом в Центральной Азии и Казахстане», «Лидер биржевого рынка корпоративных облигаций», «Лидер биржевого рынка акций», «Лидер рынка операций РЕПО», «Ведущий финансовый консультант» (2008.) ретінде EUROMONEY сыйлы марапаттарын, «Самый популярный ПИФ по итогам 2010 года» ретінде ПИФу «Монетный двор» берген Cbonds III деңгейін сертификатын иелендік.

«Teniz Capital Investment Banking» құнды қағаздармен операциялар нарығында кәсіби брокерлік қызмет көрсету шеңберінде 20 жылдан астам уақыт бойына өз қызметін жүзеге асырады және келесі лицензияларға ие: Шартты ұстаушы ретінде клиенттердің шотын жүргізу құқығымен құнды қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік әрекеттермен айналысуға 2006 жылғы 5 қазанда берілген №0401201264 лицензиясы; инвестициялық портфельді басқару қызметімен айналысуға 2014 жылғы 1 шілдеде (бұрын 2006 жылғы 5 қазанда берілген №0403200520 лицензиясы) қайта шығарылған №0403200520 лицензиясы; Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігімен 2010 жылғы 22 қазанда берілген №0145512 биржалық брокерлік мен биржалық дилерлер.