Үлескерлік қаржыландыру

Борышқорлық қаржыландыру

Борышқорлық қаржыландыруды ұйымдастыру аясында облигацияларды және басқа қарыздарды тарту қызметін ұсынуға қуаныштымыз. Кең инвесторлық қор, кәсіпқойлық пен ұқсас мәмілелерді жасау тәжірибесі белгіленген тапсырмаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді және қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеседі. Оған қоса, біз Сіздің компанияңыздың қаржы міндеттемелерін басқаруда көмек көрсетеміз.

RESMI мамандары ұйымдастырған облигациялық қарыздардың артықшылығы:
1. Икемді шарттары: эмитент қарыз көлемін, өтеу мерзімін, купон өлшемін және оның төлем тәртібін өзі орнатады.
2. Облигацияны алдағы уақытта сату және/немесе мерзімінен бұрын өтеу арқылы кері өтеуін төлеп алу операциясы көмегімен қарыз көлемі мен құнын басқару.
3. Кепілсіз едәуір қаржыландыру көлемін тарту.
4. Тәуелсіздік: қаржы нарығындағы инвесторлардың көп санының арқасында бөлек қарыз берушінің әсері толығымен жойылған.