Барлық жаңалықтар

«Қазақтелеком» АҚ-ның трансформациясын күту: ұялы оператордың және банктің экожүйесі, «Қазпочта» АҚ-мен серіктестік және дата-орталықтар мен ерікті жасанды интеллектіні дамыту


24.04.2024 21:20

Бұл есеп беруде, Teniz Capital Investment Banking «Қазақтелеком» АҚ трансформациясы бойынша өз болжамдарымен бөліседі, бұл үнемі өзгеріп жатқан телекоммуникациялық нарық жағдайында компанияның бәсекеге қабілеттілігін және табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді. Біздің болжамдар цифрлық қызметтер экожүйесі үшін керемет ұсыныстар әзірлеуге, маркетплейстерді ендіру және «Қазпочта» АҚ-мен серіктестік, стриминг мүмкіндіктері, сондай-ақ дата-орталықтарға инвестициялар жасау және ерікті жасанды зияткерлік құру есебінен бизнесті кеңейтуге негізделген.

Соңғы онжылдық ішінде, жаңа технологияларға едәуір инвестициялардың жасағанына қарамастан, телекоммуникациялық операторлардың дәстүрлі бизнесі анағұрлым коммодиттелген бола бастады, бұл олардың баяулауына әкеп соғады. Технологиялық салада негізгі пайданы озық ойыншылар – ұялы телефон өндірушілері, қосымшаларды әзірлеушілер және цифрлық инфрақұрылым  құрушылары табады. Бұл тренд бүкіл әлемде байқалады және әрбір маңызды телеком-оператор өз қызметін әртараптандыру жолдарын іздейді.

 «Қазақтелеком» АҚ экожүйесін дамыту ұялы қызметтерді, қаржы қызметтерін және маркетплейсті үйлестіретін супер қосымшаны құруға сүйенетін болады. 2022 жылдың соңында 150 мың карта шығарған, OGO Card өнімі бар Kcell/Activ қосымшасы даму үшін негіз болып қызмет етеді. 8 млн Kcell абоненттерімен өсу әлеуеті жоғары, ал тартымды маркетингтік компаниялар пайдаланушылық базаның кеңеюәне ықпал ететін болады. Егер абоненттердің жартысынан көбі ссупер қосымшасының пайдаланушылары болса, белсенді пайдаланушылардың саны компанияның нарықтағы орнын күшейтіп, 4 млн жетуі мүмкін.

Kcell/Activ супер қосымшасымен бірігіп (біздің ұсыныстарымыз бойынша), «Қазақтелеком» АҚ маркетплейсі  e-commerce тез дамып бара жатқан салада өсімді қамтамасыз етеді, ол  PwC деректері бойынша 2023 жылдың жарты жылы ішінде 79%-ға өсті. Біз нарықта  Kaspi және Ozon-мен салыстырмалы позицияларымызды бекітіп, логистикалық және технологиялық инфрақұрылымды біріктіру үшін «Қазпочта» АҚ-ны сатып алуды болжап отырмыз. Сервистің тартымдылығын арттырып, бүкіл ел бойынша   PinDuoDuo қызметтеріне қолжетімділікті кеңейту үшін қытай PinDuoDuo маркетплейсімен серіктестік те көзделеді. 

«Қазақтелеком» АҚ-ның «Қазпочта» АҚ-мен бірігуі «Қазпочта» АҚ-ның қаржылық және брокерлік қызметтері есебінен супер қосымшада қызметтер спектрін кеңейтіп, қосымша ымыра әкеледі. Бұл төлемдер мен логистикалық қызметтерді қоса алғанда, бизнестің кешенді шешімдерін ұсынып, экожүйені күшейтеді. 

Бейілділік бағдарламасы. Телеком мен медиаиндустрияның бүкіл әлем бойынша салыстырмалы төмен NPS (Net Promoter Score – клиенттердің бейілділік индикаторы) болады. Біз «Қазақтелекомның» бейілділік бағдарламасын белсенді дамытуын болжаймыз. Бұл қадам компанияның клиенттерді тартуына және компания қызметтерін пайдаланғаны үшін оларды көтермелеу арқылы ұстап қалуына мүмкіндік береді. Бағдарлама бонустарды жинақтауды және компания серіктестерінен болатын акцияларды қамтитын болады.

Стриминг және цифрлық ТВ өсуде, және «Қазақтелеком»  ARPU көбейту үшін жергілікті контент пен спорт трансляцияларын қосып, өзінің стримингтік бизнесін күшейтуді жоспарлауда. «Үндістанда қазақша бизнес» фильмі сияқты қазақстандық фильмдердің танымалдылығы жергілікті киноның сұранысы бар екенін көрсетеді. «Қазақтелеком» АҚ-ның ұлттық контентке инвестициялары елдің мәдени дамуына ықпал етіп, медиа- және кино индустриясын ынталандырады.

Капиталды бөлу. 5G-инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ бизнесті трансформациялау үлкен күрделі шығындарды талап етеді. Тиісінше, біз компания дивидендтер төлеуді басымдылық етуі тиіс деп санаймыз, бұл инфрақұрылымды және борыш жүктемесін көбейтпей бизнестің жаңа бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. 2023 жылдың үшінші тоқсанының соңында компанияның шоғырландырылған таза қарызы  239 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың алғашқы 3 тоқсаны үшін компанияның операциялық пайдасы   137 млрд теңге, компанияның борыш жүктемесі барабар болып қалады. Біз келесі бірнеше жыл бойы компанияның дамуына дивидендтерді бағыттау бизнесті транформациялауға және дұрыс қаржы ахуалын қолдауға көмектеседі деп есептейміз.

Жаңа алаңшадағы ықтимал листинг. Алғашқы едәуір нәтижелерге қол жеткізілгеннен кейін, өтімділігі үлкен жаңа алаңшада листинг туралы ойлану керек. Экожүйелі және маркетплейс-бизнесті өсіп бара жатқан сегменттері бар  телеком-оператор жоғары мультипликатор алады және инвесторлар арасында сұранысқа ие болады деп есептейміз.

«Қазақтелеком» АҚ-ның квазиреттеуіш рөліндегі рөлін күшейту. Power International Holding W.L.L. катар тобына  Теле2/Altel сату «Қазақтелеком» АҚ-ның телекоммуникациялық бизнесін дамытуда белгілі бір шектеулер қоятын болады деу болжамды (мысалы, белгілі бір мерзімде нарық үлесін арттырмау). 


Ұсынылған жаңалықтар

21.06.2024 09:30
Ресей уранының импортына тыйым салу: бұл АҚШ, Қазақстан және Қазатомпром үшін нені білдіреді?
18.06.2024 15:46
Қазақтелекомның активтерді сатудан кейінгі болашағы – Teniz Capital Investment Banking пікірі
25.09.2024 18:17
«Fincraft Group» ЖШС купондық облигацияларына АҚШ долларымен инвестиция салыңыз
Сайт бойынша іздеу

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ нарықтық конъюктураның құбылмалылығын назарға ала отырып, инвестициялардың орындылығы мен тәуекелдерін мұқият бағалауды ұсынады. Бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына иелік ету ауытқулармен байланысты: олардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Компания инвестициялардың кірістілігіне және тұрақты кіріс деңгейіне кепілдік бере алмайды.

ҚНРДА 18.05.2023 ж. берген №3.2.249/19 лицензия. ҚНРДА 16.06.2023 ж. берген №4.3.19 лицензия.