«Non Public» ТЖҚИПИ-дің пайларын қосымша орналастыру ниеті туралы хабарлама
«Teniz Capital Investment Banking» АҚ «Non Public» тәуекелді инвестициялаудың жабық паелық инвестициялық қорының (бұдан әрі – Қор) басқарушы компаниясы ретінде (бұдан әрі – Басқарушы компания) Басқарушы компанияның Инвестициялық комитетінің 2026 жылғы 10 шілдедегі шешімі негізінде Қордың пайларын қосымша орналастыруды жүзеге асыру ниеті туралы хабарлайды.
Пайларды орналастыру Қор Қағидаларында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Пайларды орналастыру бағасы Қор Қағидаларына сәйкес, орналастыру күніндегі пайдың есептік құны негізінде анықталады.
Қордың пайларын тек білікті инвесторлар ғана сатып ала алады.
Қор пайларының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін, өткен кезеңдердегі инвестициялау нәтижелері болашақтағы табысты айқындамайды, мемлекет инвестициялық қорларға салынған инвестициялардың кірістілігіне кепілдік бермейді. Қордың пайларын сатып алмас бұрын Қор Қағидаларымен танысу қажет.
Қор, Қор Қағидалары және пайларды орналастыру шарттары туралы қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады:
«Teniz Capital Investment Banking» АҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Н. Назарбаев даңғылы, 240Г, «Teniz Towers» Бизнес-орталығы, 2-қабат.
e-mail: info@tenizcap.kzweb: www.tenizcap.kz