«Teniz Capital Investment Banking» АҚ-ның 2024 жылғы 5 маусымда өткізілген Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Ишмуратов Тимур Жаксылыкович компанияның басқарма құрамына енді.
Осыдан бұрын ол «Teniz Capital Investment Banking» АҚ-ның Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде енген болатын.
Ишмуратов Тимур Алматы қаласында туған. Варшава университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 20 жылдан астам уақыт банк саласында жұмыс істеді. Өзінің кәсіби еңбек жолын 2000 жылы «Банк Тұран Әлем» АҚ-да жетекші маман лауазымынан бастады. 2002 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға ауысты, бұл жерде негізгі позицияларды атқарды. 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін банк басқармасы төрағасының орынбасары болды, корпоративтік және бөлшек блоктарға жетекшілік жасады.
«Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, басқарманың төмендегі құрамы айқындалды:
– Занкин Максим Юрьевич – басқарма төрағасы;
– Ишмуратов Тимур Жаксылыкович – басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары;
– Жомартова Жанара Тулубаевна – басқарма мүшесі;
– Бакиева Дина Бактжановна – басқарма мүшесі;
– Боташев Анзор Едигович – басқарма мүшесі.