Барлық жаңалықтар

Teniz Capital Brokerage AIX Partners Awards 2025 сыйлықақысының жеңімпазы болды


16.02.2026 15:03

Astana International Exchange AIX Patners Awards 2025 сыйлықақысының жеңімпаздарын жариялады, бұл ретте AIX  экожүйесін дамытуда маңызды рөл атқарған ең белсенді қатысушыларды арнайы атап өтті. АХҚО-да тіркелген Teniz Capital Brokerage Ltd - Teniz Capital Investment Banking инвестбанкінің бөлімшесі,  «Жеке инвесторлармен жұмыс істеу жөніндегі үздік» номинациясының иегері атанды.

Teniz Capital Brokerage Ltd Басқарушы директоры Ерлан Солтанов атап өткендей, «біз  Astana International Exchange командасына еліміздің қор нарығын дамытуға қосқан үлесімізге жоғары баға бергеніне шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Өткен жылы біз Tabys инвестициялары үшін қосымшада АХҚО серіктесі болдық, оны қаржы сауаттылығын дамыту жөніндегі әлеуметтік жоба ретінде 2020 жылы AIX әзірледі және іске қосты. Қазақстандықтардың арасында инвестицияларды танымал ету бойынша біздің бірлескен күш салуымыздың арқасында, көптеген азаматтарымыз енді инвестициялық шоттар ашып, инвесторлар ретінде алғашқы қадамдарын жасап жатқанына біз қуаныштымыз. Брокер ретіндегі біздің міндетіміз – клиенттерге ыңғайлы болу үшін, мейлінше қолайлы болатын цифрлық қолдауды қамтамасыз ету».

Teniz Capital Brokerage Ltd. өткен жылдың наурыз айында 49% сатып алып, Tabys инвестицияларына арналған қосымшаның акционері болды. 51% бақылау пакетін АХҚО өзі үшін сақтап қалды.

Teniz Capital Brokerage Ltd. келуі қосымшаның функционалын кеңейтуге мүмкіндік берді: Tabys Pro ұялы қосымшасының жаңартылған нұсқасында клиенттер AIX-те және KASE-те листингтенген құралдардың үлкен тізімі - акциялар мен облигацияларға қолжетімділік, халықаралық нарықтарға және басқа да қаржы құралдарына қолжетімділік алды. Атап айтқанда, Tabys Pro Қазақстанда бірінші болып бөлшектік акциялар деп аталатын акциялардың сауда-саттығын іске қосты тікелей ұялы қосымшада және кішігірім сомадан, мысалы бар болғаны бір доллардан бастай отырып, Amazon, Apple немесе NVIDIA компаниялары сияқты әлемдік алпауыттардың акцияларын сатып алуға болады. Сонымен қатар, қосымшада капитал нарықтары және бағалы қағаздар бойынша кәсіби аналитика қолжетімді, бұл клиенттердің құлағдар болуын арттырады және олардың инвесторлар ретіндегі білім деңгейлеріне жағымды әсерін тигізетін болады. Қосымшада, сондай-ақ AI-ассистент қолжетімді, ол жай сөзбен айтқанда, клиент портфелінің жай-күйі туралы айтып бере алады.

Клиенттер Tabys Pro ұялы қосымшасының жаңартылған нұсқасын жоғары бағалады, ескі қосымша пайдаланушыларының жаңа нұсқаға көшуі табысты аяқталды. Қазіргі сәтте, Tabys Pro қосымшасын 20 мыңнан астам қазақстандық белсенді түрде пайдалануда. 2025 жылдың желтоқсан айы ішіндегі сауда-саттық көлемі 13 млрд теңгеге жетті.


Ұсынылған жаңалықтар

21.08.2025 12:43
OTP Bank Орталық Азияға бәс тігуде: одан әрі экспансиялау бола ма?
18.06.2024 15:46
Қазақтелекомның активтерді сатудан кейінгі болашағы – Teniz Capital Investment Banking пікірі
20.11.2025 08:23
Teniz Capital AB Restaurants тобы облигацияларының дебюттік шығарылымының ұйымдастырушысы болды
Сайт бойынша іздеу

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ нарықтық конъюктураның құбылмалылығын назарға ала отырып, инвестициялардың орындылығы мен тәуекелдерін мұқият бағалауды ұсынады. Бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына иелік ету ауытқулармен байланысты: олардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Компания инвестициялардың кірістілігіне және тұрақты кіріс деңгейіне кепілдік бере алмайды.

ҚНРДА 18.05.2023 ж. берген №3.2.249/19 лицензия. ҚНРДА 16.06.2023 ж. берген №4.3.19 лицензия.