АҚШ импорт баж салығының жаңа толқынын енгізді де, Қазақстанға да қатер төндірді. Экспорттың бір бөлігіне 25% мөлшерлеме Астана үшін күтпеген жағдай болды, әсіресе Вашингтонның инвестициялар және стратегиялық серіктестік туралы бұрынғы уәделерінің аясында. Өңірдің ірі экономикасы АҚШ тарапынан мұндай шектеулерге тап болғандағы бұл бірінші жағдай.
Мұнай, уран және ферроқорытпалар тарифтерден уақытша шығарылғанымен, Қазақстанның іскери тұлғалары арасында үрей үдей бастады. Баж салығына түскен экпорттың тіпті 5% кіші және орта бизнеске – әсіресе химия мен металлургияда нұқсан келтіреді. Үкімет АҚШ-пен консультацияларға бастамашылық жасады және ЕО-мен және Қытаймен сыртқы экономикалық байланыстарды белсендендірді.
Тарифтік дағдарыс Қазақстанның сыртқы экономикалық стратегиясының тұрақтылығына тексеріс болды. Ол әлемдік саясаттың тез өзгерістеріне икемділіктің, көп векторлықтың және дайындықтың қаншалықты маңызды екенін тағы да көрсетті.
Толығырақ Teniz Capital Investment Banking-тің жаңа аналитикалық есебінен оқи аласыздар осы жерден.