Барлық жаңалықтар

Талгат Салихов Директорлар кеңесінің мүшесі, «Teniz Capital Investment Banking» АҚ-ның тәуелсіз директоры болып сайланды


30.05.2025 11:39

2025 жылғы 30 мамырда «Teniz Capital Investment Banking» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Салихов Талгат Максутович Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып сайланды. Оның өкілеттіктері Директорлар кеңесінің ағымдағы құрамының жұмыс істеу мерзімі шегінде айқындалды.

«Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы:

– Арифханов Айдар Абдразахович – Директорлар кеңесінің Төрағасы, тәуелсіз директор;

– Занкин Максим Юрьевич – Директорлар кеңесінің мүшесі;

– Хусаинов Галим Абильжанович – Директорлар кеңесінің мүшесі;

– Салихов Талгат Максутович – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Талгат Салиховтың инвестициялық банкинг, тікелей инвестициялар және қоржындық компанияларды басқару саласында 12 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Big4 халықаралық аудиторларының бірінде жұмыс істеді, сондай-ақ  Tengri Partners қаржы-инвестициялық тобының серіктесі болды, мұнда инвестициялық бағытты басқарды және жобалардың пост-инвестициялық дамуына жетекшілік етті.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ірі шағын қаржы ұйымдарының бірі —  «Asian  Credit Fund» ЖШС-ның қадағалау кеңесінің тәуелсіз мүшесі де болып табылады.

«Teniz Capital Investment Banking» АҚ компанияның стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетін Директорлар кеңесінің кәсіби және үйлестірілген құрамын қалыптастыруды жалғастыруда.


Ұсынылған жаңалықтар

30.04.2025 17:42
Chevron-ның даму стратегиясы: FGP-ден Гайанаға
18.06.2024 15:46
Қазақтелекомның активтерді сатудан кейінгі болашағы – Teniz Capital Investment Banking пікірі
06.05.2025 17:52
"Teniz Capital Investment Banking" АҚ 2024 жыл үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төледі
Сайт бойынша іздеу

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ нарықтық конъюктураның құбылмалылығын назарға ала отырып, инвестициялардың орындылығы мен тәуекелдерін мұқият бағалауды ұсынады. Бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына иелік ету ауытқулармен байланысты: олардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Компания инвестициялардың кірістілігіне және тұрақты кіріс деңгейіне кепілдік бере алмайды.

ҚНРДА 18.05.2023 ж. берген №3.2.249/19 лицензия. ҚНРДА 16.06.2023 ж. берген №4.3.19 лицензия.