Құрметті клиент!
«Teniz Capital Investment Banking» АҚ 2026 жылғы 29 мамырдағы № 27 Арнайы реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарты бойынша цифрлық активтермен байланысты ETF-термен операциялар жүргізу бөлігінде арнайы реттеу режимінің қатысушысы болып табылатынын хабарлайды.
Осыған байланысты, көрсетілген қаржы құралдарымен операциялар жүргізу үшін комплаенс талаптарында көзделген міндетті процедуралардан өту және Тәуекелдер туралы ескертумен танысқандығыңызды растау қажет.
Аталған талаптар KASE Global алаңында мынадай құралдармен операциялар жүргізуге қолданылады:
· IBIT_KZ (ISIN US46438F1012);
· ETHA_KZ (ISIN US46438R1059);
· SOLZ_KZ (ISIN US92864M8221).
Көрсетілген құралдармен операциялар жекелеген реттеушілік талаптарды уақытша қолданбауды көздейтін арнайы реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатынына назарыңызды аударамыз.
Цифрлық активтермен байланысты ETF-терге инвестициялар жоғары құбылмалылықпен және қаржылық тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталуы мүмкін. Мұндай құралдардың құны қысқа мерзім ішінде едәуір өзгеруі ықтимал.
Инвестициялық шешімдерді инвестор тәуекелдерді, қаржылық жағдайды және инвестициялық мақсаттарды өз бетінше бағалау негізінде дербес қабылдайды.
Қосымша ретінде жеке тұлғалардың көрсетілген қаржы құралдарымен операциялар жүргізуіне білікті инвестор мәртебесі болған кезде ғана жол берілетініне назар аударамыз.
Белгіленген реттеушілік процедураларды сақтау үшін Тәуекелдер туралы ескертумен танысқаныңызды растауыңызды сұраймыз.