«Teniz Capital Investment Banking» АҚ клиенттері Tolqyn Film Fund OEIC Ltd. – көркем фильмдер және анимация шығаруға инвестиция жасайтын Қазақстандағы алғашқы венчур қорының үлескерлері болды. Қор АХҚО-да тіркелген, Dasco Capital Ltd. басқаруында және кәсіби инвесторлармен ғана жұмыс істейді.
«Teniz Capital Investment Banking» АҚ басқармасының төрағасы Анзор Боташев атап өткендей: «қазақстандық кино өндірісі өсу перспективасы және салымдар диверсификациясы бойынша да, елдегі жаңа креативті бағыттарды дамыту мүмкіндігі бойынша да инвесторларды тартады».
Өз кезегінде, CEO Dasco Capital өкілі Дармен Садвакасов «қазақстандық кино нарығы өзінің дамуын және коммерциялық әлеуетін көрсетуді жалғастыруда. Аудиторияның ұлттық фильмдерге тұрақты қызығушылығы байқалады, олар ішкі және шетелдік нарықтарда неғұрлым сапалы, бірегей және бәсекеге қабілетті бола бастады» деп атап өтті.
«Біз Қорымызға жаңа кәсіби инвесторлардың келуін құптаймыз. Бұл кино өндірісіне болашағы бар бизнес ретінде олардың жоғары қызығушылығын кезекті рет растап отыр», – деді CEO Tolqyn Film Fund, белгілі продюсер Эрнар Курмашев.
Инвестиция жасауға арналған кино жобаларын іріктеп алу үш негізгі саты арқылы өтеді - өтінімдерді қабылдау және кәсіби команда деңгейінде шот-парақ жасау, тәуелсіз Advisory Board-тың қарауы, Қордың Инвестициялық комитетінің аяққы шешімдер қабылдауы. Ашық питчинг және креативті командалармен тікелей кесіссөздер нәтижесінде бүгінгі таңда Қорға АҚШ-ты, Қытайды, Францияны, Германияны, Кореяны, ТМД елдерін қоса алғанда, 11 елден 90-нан астам өтінімдер келіп түсті.
Tolqyn Film Fund-тің бірінші инвестициясы «Дәстүр 2» жобасы болды, ол осы жылы кең прокатқа шығатын болады. Аты шулы қазақ хоррорының бірінші бөлігінің кассалық алымдары, шетелдегі нәтижелерді қоса алғандан шамамен 2 млрд теңге құрды. Сиквелдің режиссері бірқатар табысты фильмдер мен сериалдар түсірген Алишер Утев болды. Қазақстан және Орталық Азия мен Закавказье елдерінің жетекші кинодистрибьюторы Ascar Cinema (Meloman Entertainment) компаниясы прокатқа шығарушы болды.
«Teniz Capital Investment Banking» АҚ қаржы консалтингі және андеррайтинг сияқты инвестициялық қызметтер кешенін, корпроративтік қаржыландыру қызметтерін, брокерлік қызметтер және бағалы қағаздардың сауда-саттығын көрсетеді.