Барлық жаңалықтар

«Teniz Capital Investment Banking» АҚ Басқармасының жаңа мүшелері сайланды


13.06.2025 15:35

Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 13 маусымдағы шешімімен Teniz Capital Investment Banking» АҚ-ның Басқарма құрамына өзгерістер енгізілді. Бакиева Дина Бактжановнаның «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Басқармасының мүшесі ретіндегі өкілеттіктері тоқтатылды. 2025 жылғы 13 маусымнан бастап Басқарма құрамына Касенова Айгуль Оразалиевна және Сахариева Ботагөз Мұратқызы сайланды – Басқарманың қазіргі құрамы үшін белгіленген мерзім шегіндегі өкілеттіктер мерзімімен.

Осылайша, «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Басқармасының жаңартылған құрамы төрт адам санымен бекітілді:

1. Боташев Анзор Едигович – Басқарма Төрағасы;

2. Жомартова Жанара Тулубаевна – Басқарма мүшесі;

3. Касенова Айгуль Оразалиевна – Басқарма мүшесі;

4. Сахариева Ботагөз Мұратқызы – Басқарма мүшесі.

Айгуль Касенованың қаржы секторында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, бас бухгалтер және басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын қоса алғанда, сақтандыру компанияларында басшы лауазымдар атқарды. Қаржы және басқарушылық есептілігін дайындауға маманданған. Кәсіби бухгалтер сертификатына және ACCA DipIFR дипломына ие.

Ботагөз Сахариева – қаржы нарығында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар маман. Ол  «Jusan Invest» АҚ-ны, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ны және «First Heartland Capital» АҚ-ны қоса алғанда, жетекші институттарда негізгі лауазымдарды атқарды. Ботагөз Cass Business School-да (London) инвестициялар және қаржылық тәуекелдерді басқару облысында білім алды, сондай-ақ беделді London School of Economics and Political Science-те (LSE) магистратураны аяқтады. Оның жоғары кәсіпқойлығы «Үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен және сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің алғыс хатымен атап өтілген.


Ұсынылған жаңалықтар

05.06.2025 16:14
Жапония ояну үстінде: дефляция өткен шаққа кетті
18.06.2024 15:46
Қазақтелекомның активтерді сатудан кейінгі болашағы – Teniz Capital Investment Banking пікірі
05.06.2025 17:53
"Teniz Capital Investment Banking" АҚ Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің облигацияларын KASE-де орналастырғанын хабарлады
Сайт бойынша іздеу

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ нарықтық конъюктураның құбылмалылығын назарға ала отырып, инвестициялардың орындылығы мен тәуекелдерін мұқият бағалауды ұсынады. Бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына иелік ету ауытқулармен байланысты: олардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Компания инвестициялардың кірістілігіне және тұрақты кіріс деңгейіне кепілдік бере алмайды.

ҚНРДА 18.05.2023 ж. берген №3.2.249/19 лицензия. ҚНРДА 16.06.2023 ж. берген №4.3.19 лицензия.