Барлық жаңалықтар

Айдар Арифханов «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды


18.10.2024 12:30

2024 жылғы 16 қазанда «Teniz Capital Investment Banking» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Арифханов Айдар Абдразахович Директорлар кеңесінің жаңа тәуелсіз мүшесі болып сайланды. 

Ол мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты Директорлар кеңесінен кеткен Куантыров Алибек Сакеновичтің орнына келді. 

Айдар Арифханов Алматы қаласында дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. 2008 жылы Колумбия университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды. Мансап жолында ол ҚР Қаржы министрлігінде бас маман лауазымынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне дейін мемлекеттік басқару мен экономикалық саясатта айтарлықтай тәжірибе жинақтады. 

«Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланғанға дейін А.А. Арифханов 2017 жылдан 2022 жылға дейін «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.

«Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар Кеңесінің Құрамы: 

– Хусаинов Галим Абильжанович – Директорлар кеңесінің Төрағасы;

– Занкин Максим Юрьевич – Директорлар кеңесінің мүшесі;

– Арифханов Айдар Абдразахович – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Ұсынылған жаңалықтар

21.06.2024 09:30
Ресей уранының импортына тыйым салу: бұл АҚШ, Қазақстан және Қазатомпром үшін нені білдіреді?
18.06.2024 15:46
Қазақтелекомның активтерді сатудан кейінгі болашағы – Teniz Capital Investment Banking пікірі
21.11.2024 12:02
Teniz Capital Asset Management Ltd. қор активтерін басқару үшін АХҚО-да тіркелген
Сайт бойынша іздеу

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ нарықтық конъюктураның құбылмалылығын назарға ала отырып, инвестициялардың орындылығы мен тәуекелдерін мұқият бағалауды ұсынады. Бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына иелік ету ауытқулармен байланысты: олардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Компания инвестициялардың кірістілігіне және тұрақты кіріс деңгейіне кепілдік бере алмайды.

ҚНРДА 18.05.2023 ж. берген №3.2.249/19 лицензия. ҚНРДА 16.06.2023 ж. берген №4.3.19 лицензия.