2024 жылғы 16 қазанда «Teniz Capital Investment Banking» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Арифханов Айдар Абдразахович Директорлар кеңесінің жаңа тәуелсіз мүшесі болып сайланды.
Ол мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты Директорлар кеңесінен кеткен Куантыров Алибек Сакеновичтің орнына келді.
Айдар Арифханов Алматы қаласында дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. 2008 жылы Колумбия университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды. Мансап жолында ол ҚР Қаржы министрлігінде бас маман лауазымынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне дейін мемлекеттік басқару мен экономикалық саясатта айтарлықтай тәжірибе жинақтады.
«Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланғанға дейін А.А. Арифханов 2017 жылдан 2022 жылға дейін «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.
«Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар Кеңесінің Құрамы:
– Хусаинов Галим Абильжанович – Директорлар кеңесінің Төрағасы;
– Занкин Максим Юрьевич – Директорлар кеңесінің мүшесі;
– Арифханов Айдар Абдразахович – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.