Барлық жаңалықтар

«Teniz Capital Investment Banking» АҚ 2024 жылғы қызмет нәтижелері туралы хабарлайды


20.01.2025 15:26

«Teniz Capital Investment Banking» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы хабарлайды (алдын ала аудиттелмеген деректер «Қазақстан қор биржасы» АҚ сайтында орналастырылған).

2024 жылғы қызметтің негізгі қаржылық көрсеткіштері:

- Таза пайда – 1 382 млн теңге (2023 жыл: 575 млн теңге);

- Меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (ROE) – 39,5% (2023 жыл: 50,1%);

- Комиссиялық кірістер – 1 849 млн теңге, өткен жылмен салыстырғанда 3 есе өсті (587 млн теңге);

- Меншікті капитал 2024 жылғы 31 желтоқсанда 4 344 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен 2 441 млн теңгеге (+128%) артық. Өсуге алынған пайда және Қоғамның 1 210 млн теңге мөлшерінде қосымша капиталдандырылуы әсер етті;

- Операциялық шығыстар 411%-ға артып, 1 656 млн теңгені құрады. Өсу себебі – қызметкерлер санының артуы, сондай-ақ ақпараттық технологиялар, маркетинг және кәсіби қызметтерге жұмсалған шығындардың ұлғаюы.

Бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен кірістер мен табыс.

- Комиссиялық кіріс (2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл): 1 849 млн теңге, оның ішінде:

* Андеррайтинг және қаржылық кеңес беру қызметтерінен түскен комиссиялық кіріс – 1 054 млн теңге (2023 жыл: 244 млн теңге);

* Брокерлік қызметтерден түскен комиссиялық кіріс – 718 млн теңге, 117%-ға өсті (2023 жыл: 332 млн теңге). Өсу себебі – клиенттердің қаражат көлемі мен белсенділігінің артуы.

- Валюта және бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен таза пайыздық және инвестициялық кіріс – 1 685 млн теңге (2023 жыл: 411 млн теңге).


Ұсынылған жаңалықтар

21.06.2024 09:30
Ресей уранының импортына тыйым салу: бұл АҚШ, Қазақстан және Қазатомпром үшін нені білдіреді?
18.06.2024 15:46
Қазақтелекомның активтерді сатудан кейінгі болашағы – Teniz Capital Investment Banking пікірі
14.01.2025 12:16
Анзор Боташев "Teniz Capital Investment Banking" Басқарма төрағасының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды
Сайт бойынша іздеу

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ нарықтық конъюктураның құбылмалылығын назарға ала отырып, инвестициялардың орындылығы мен тәуекелдерін мұқият бағалауды ұсынады. Бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына иелік ету ауытқулармен байланысты: олардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Компания инвестициялардың кірістілігіне және тұрақты кіріс деңгейіне кепілдік бере алмайды.

ҚНРДА 18.05.2023 ж. берген №3.2.249/19 лицензия. ҚНРДА 16.06.2023 ж. берген №4.3.19 лицензия.